Құрылтай сайлауы: «Әділет» партиясы бүкіл ел бойынша штабтарын ашты

Бүгін, 23 шілде күні «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы ресми түрде ашылды. Осылайша, партия бір айға жалғасатын саяси бәйгеге түсіп, халықтың барынша көп дауысын жинауға бел буып отыр. Бұны Республикалық штабтың ашылуында партияның төрағасы Айбек Дәдебай ашық айтты.

«Әділет» партиясы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын, еліміздің алдында тұрған зор мақсат-міндеттерді жүзеге асыру жолында барлық күш-жігерін жұмсайды. Ол үшін алдағы саяси додада бізге тек жеңіс керек! Біз күмәнсіз, таза жеңіс арқылы ғана азаматтарымыздың алдында өзіміздің қоғамды жұмылдыруға, ұйыстыруға қабілетті екенімізді дәлелдей аламыз», - деді Айбек Дәдебай республикалық штабтың ашылуында.

Бұл жеңіс үшін партия Қазақстанның бүкіл өңірін қамтитын іс-шаралар жоспарын бекіткен көрінеді. «Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңірінде сайлауалды үгіт-насихат науқанын бастады «Әділет» партиясы Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны аясындағы үгіт-насихат жұмыстарын ресми түрде бастады. Бүгін еліміз бойынша партияның 20 өңірлік, 226 аумақтық штабы және шамамен 30 мың сенімді өкілі жұмысқа кірісті», - деді Айбек Дәдебай.

1.jpg

Сайлау қарсаңында «Әділет» партиясы өзінің «Әділетті болашақ үшін» деп аталатын Сайлауалды бағдарламасын жариялаған. Міне, партия дәл осы құжатымен, сол құжаттағы басты басымдықтарымен бармақ. Ол қандай басымдықтар? Бағдарламаны жазуға қарапайым халықтың өзі де атсалысқаны шын ба? Олардың орындалуы қазақстандықтардың өмірін қай жағына қалай өзгертеді? Сарапшылар не дейді? Осы сұрақтардың жауабын іздеп көрейік.

Партия төрағасы Айбек Дәдебайдың айтуынша, «Әділет» партиясы өзекті мәселелердің уақытша шешімін емес, ұзақмерзімді мақсаттарға қарай ұмтылып отыр. Әрі, оның айтуынша, бағдарламаны жазуға сарапшылардан бөлек, қарапайым халықтың өз атсалысқан.

«Біз үлкен, ауқымды жұмыс жүргіздік. Яғни, заманауи цифрлық құралдар мен QR-кодтарды пайдалана отырып, тұрғындардың ұсыныстарын жинадық. Сол арқылы әр өңірдегі тұрғындардың үнін тікелей естуге мүмкіндік алдық; стратегиялық сессиялар өткізіп, онда танымал сарапшылар мен мамандар әр саланың өткір мәселелерін белгілеп, оларды шешудің оңтайлы жолдарын ұсынды; елде іске асырылып жатқан жобаларды, бағдарламалар мен бастамаларды кеңінен талдадық. Олардың осал тұстары мен даму мүмкіндіктерін анықтадық; қазақстандықтардың шынайы көңіл-күйі мен талап-тілектерін анықтау үшін партия арнайы әлеуметтік зерттеулер, сауалнамалар жүргізді. Осы деректер негізінде «Әділет» партиясы ауқымды және нақты шешімдерді әзірледі», - деді Айбек Дәдебай республикалық штабтың ашылуында.

Партияның сайлауалды бағдарламасының өзіне үңілсек, «Әділет» бұл сайлауға «әр қазақстандықтың өмірін жақсартатын» мақсаттар қойған сияқты.

Партияның бірінші мақсаты - әр отбасыға барынша жайлы тұрғын үй жағдайы жасалса деген ниет. Яғни, партия әр қазақстандық үшін орта есеппен 30 шаршы метр тұрғын үй болады деген мақсат қойып отыр. Біз осы мәселеге қатысты сарапшы Қазақстан қоғамдық даму институтының «MediaLab» Орталығының басшысы Жаксыбек Жиеналиев баспана мәселесі Қазақстандағы ең маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі болып қала береді дейді.

Ол бұл мәселеге қатысты өз тарапынан да пікір-пайымын айтқан. «Апатты үйлерді көшіру жұмысын жеделдету керек. Статистикаға сәйкес, еліміздегі тұрғын үй қорының 6%-дан астамы ескірген немесе қайта жаңартуды қажет етеді. Бұл мыңдаған отбасы үшін жайлылық мәселесі емес, ең алдымен қауіпсіздік мәселесі. Сондықтан тұрғын үйді апатты деп тану рәсіміне нақты мерзім белгілеу (мысалы, үш айдан аспауға тиіс) және жаңа баспана берілгенге дейін тұрғындарды уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету.

2.jpg

Тағы бір мәселе: қаржыландыруды қажеттілігі жоғары өңірлерге бағыттау. Тұрғын үйге сұраныс барлық өңірде бірдей емес. Ең көп кезекте тұрған азаматтар Түркістан облысында (109 209 адам) және Алматы облысында (67 045 адам) тұрады. Яғни мемлекеттік қаржыландыруды өңірлер арасында тең бөлу емес, нақты кезекте тұрған азаматтардың санына қарай бөлу. Сонда қолдау ең көп қажет ететін аймақтарға көбірек бағытталады», - деді сарапшы.

Оның айтуынша, бағдарламаның тиімділігін әр азаматқа түсінікті ету де маңызды рөл атқарады дейді. «Кез келген мемлекеттік бағдарламаның нәтижесі қарапайым әрі түсінікті көрсеткіштермен бағалануы керек. Жыл сайын ел бойынша және әр өңірде тұрғын үй немесе тұрғын үй көмегін алған азаматтардың үлесін жалпы кезектегі адамдар санына қатысты жариялап отыру. Осындай бірыңғай көрсеткіш тұрғын үй саясатының қаншалықты тиімді жұмыс істеп жатқанын қоғамға ашық бағалауға мүмкіндік береді», - деді Жиенәлиев.

Соңғы жылдары Қазақстанда көп талқыланған тақырып – орта бизнестің одан әрі дамуы еді. «Әділет» партиясы өз бағдарламасы арқылы орта бизнестің үлесін қазіргі шамамен жеті пайыздан үш еседей арттырып, 20 пайызға жеткізгісі келеді. Мемлекет жеке бизнес жұмыс істей алатын салалардан кетеді, кәсіпкерге қысым көрсетуді қояды және қаржыландыру мен мемлекеттік тапсырысқа кәсіпкерлердің бәрі тең қол жеткізе алуына сеп болады. Өнімділігі де, кірісі де жоғары мықты орта бизнес экономиканы орнықты әрі әділ етеді.

Саясаттанушы Асхат Қасенғалидің айтуынша, партия өз бағдарламасында нақты жеті стратегиялық көрсеткішті айқындапты. Олардың мазмұны екі негізгі міндет төңірегінде топтасқан дейді.

«Бірінші бағыт елдегі әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге арналған. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық желілерін жаңғыртуға 13 триллион теңге бөлу, тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін бір адамға шаққанда 30 шаршы метрге дейін жеткізу және 30 мың отбасын апатты тұрғын үйлерден көшіру іспеттес міндеттерді қойған. Сонымен қатар орта бизнестің экономикадағы үлесін қазіргі 7 пайыздан 20 пайызға дейін ұлғайту жайлы жазған. Бұл орта таптың санын арттыру және жұмыссыздықты азайту іспеттес міндеттерді шешеді деп жазылса керек. 1 миллион сапалы жұмыс орнын құру жайлы да жазылған. Ал, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайыздық жеңілдетілген микронесиелер беру, жергілікті маңызы бар жолдардың 95 пайызын жөндеу және ауылдардың 97 пайызын интернетпен қамтамасыз ету жазыпты. Осылайша ауыл халқының ауылдан көшуін тежеуді көздейтінін көрсетуде», - дейді Қасенғали.

Саясаттанушының айтуынша, бағдарламаның екінші бағыты елдің ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген. Агроөнеркәсіптік кешендегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға дейін арттыру жөніндегі мақсаттар технологиялық қауіпсіздіктің жаңа негізін қалыптастыруға бағытталған деуге болады. Сонымен қатар халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін жеткізу көзделген екен.

«Партия Ұлттық қор қаражатын шығындарды жабуға пайдалануға жол бермеуді ұсынып, оның қаржысын тек стратегиялық маңызы бар даму жобаларына бағыттау қажеттігін жазыпты. Бағдарламада нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін цифрлық мониторинг панелін іске қосу да айтылған. Бір жағынан, бұл азаматтарға мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын тұрақты бақылауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, партияның өзі үшін де жоғары жауапкершілік жүктейді, өйткені бес жылдық кезеңнің соңында орындалмаған міндеттерді дәстүрлі бюрократиялық сылтаулармен ақтау мүмкіндігін іс жүзінде қиын болмақ», - деді сөзін түйіндеген ол.

Сайлауалды бағдарламаның толық мәтінін "Әділет" партиясының сайтынан оқи аласыздар.

Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

67
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023