Ақорданың хабарлауынша, Ресей басшысын елімізге Қасым-Жомарт Тоқаев шақырған.
(фото - Aqorda.kz)
“Ресей Президентінің Қазақстанға сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамыту перспективасын айқындау тұрғысынан ерекше мәнге ие. Бүгінде стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы екіжақты ынтымақтастық барлық бағытта табысты дамып келеді.”, – деп хабарламада баяндалған.
Келіссөз барысында тараптар екіжақты экономикалық күн тәртібінің негізгі аспектілерін жан-жақты талқылады. Сондай-ақ алдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындап, денсаулық сақтау, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, спорт және тағы да басқа салалардағы ықпалдастықты нығайтуды көздейтін бірқатар уағдаластыққа қол жеткізді.
Дереккөз - aqorda.kz.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023