ҚР Сауда министрлігі: ұлттық стандарттар тауар қозғалысының бүкіл тізбегін қамтиды

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Қанат Қабылбеков елімізде сауда саласында стандарттауды дамытуға ерекше назар аударылатынын атап өтті. Бүгінгі таңда ұлттық стандарттар тауар қозғалысының бүкіл тізбегін – сауда инфрақұрылымы мен логистикадан бастап, тұтынушыға өнімді өткізуге дейін қамтиды.

«Ішкі сауда қағидаларында 10 ұлттық стандартқа сілтемелер бар, оларды заңнамада көзделген жағдайларда, соның ішінде кейіннен өткізу үшін азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде қолдану міндетті», – деді спикер.

Оның айтуынша, жұмыс үш негізгі бағыт бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда, фулфилмент орталықтарына арналған стандарттарды қоса алғанда, сауда инфрақұрылымын және электрондық коммерцияны дамыту; температуралық режимді сақтай отырып, өнімді сақтау мен тасымалдауды қоса алғанда, барлық кезеңде өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету; стандарттарды жетілдіру және тауар жеткізу тізбегінің қатысушыларына қойылатын талаптарды нақтылау есебінен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары айналымының ашықтығын арттыру.

14
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023