ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі batyrlargatagzym.kz порталын іске қосты

Жобаның негізгі мақсаты – әр батырдың тарихта лайықты танылуын қамтамасыз ету, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты III отырысында атап өткендей, мемлекет соғыс жылдарында теңдесі жоқ жауынгерлік және еңбек ерліктерін жасаған отандастарымызды ел жадында сақтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Сайт әртүрлі ақпарат көздерінен жинақталған және Қазақстан халқының ерлігінің мәңгілік ескерткіші болып табылады. Пилоттық жоба 2023 жылы іске қосылып, азаматтық қоғам мен еріктілердің үлкен қызығушылығына ие болды. Сайттың функционалдық мүмкіндіктері кеңейтіліп, деректер толыққанды порталға жүйеленді.(Дереккөз:ortcom)

7
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023