Жастар Шекара қызметінің 10 оқу орталығына жеткізілді. Олар 2-2,5 ай бойы оқу-жаттығудан өткеннен кйеін бөлімшелерге жіберіледі. Күзгі шақыру шеңберінде ҰҚК Шекара қызметіне 3200 адам шақырылды, деді ҚР ҰҚК Шекара қызметі Тәрбие, идеологиялық және кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары Берік Жиенбаев.
«Қазіргі таңда «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға сәйкес, жоғары техникалық және кәсіптік білімі бар мерзімді әскери қызметтің мерзімді әскери қызметшілері әскери қызметке шақырылғаннан кейін алты ай өткен соң келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге құқылы. Қазіргі таңда 323 адам қызметке шақырылды. 500 астамы зерделенуде. Олар осы жылдың соңына дейін келісімшарт бойынша жұмысқа қабылданады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.(Дереккөз:ortcom)
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023