ҚР ІІМ: жыл басынан бері тіркелген интернет-алаяқтықтардың саны 21%-ға азайды

ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы полиция полковнигі Жандос Сүйінбайдың айтуынша, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ұйымдастырушылық-практикалық және алдын алу шараларының арқасында негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалды.

«Жыл басынан бері тіркелген интернет-алаяқтықтардың саны 21%-ға азайды. Қылмыстарды ашу көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29%-ға дейін өсті. Ал ашылмаған қылмыстық істер саны 12%-ға төмендеді», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, байланыс операторларымен бірлесіп алаяқтардың телекоммуникациялық инфрақұрылымды пайдалану мүмкіндіктеріне жүйелі түрде тосқауыл қойылып, терроризм актілері туралы көрінеу жалған мәліметтерді хабарлайтын адамдарды анықтау бойынша жұмыс жалғасуда.

Қазіргі уақытта азаматтардың дербес деректерін заңсыз жинағаны және таратқаны үшін жауапкершілік мәселесі өзекті болып отыр.

«Ағымдағы жылғы мамыр айында біз Чехия полициясымен бірлесіп Қазақстан азаматтарының дербес деректерін таратқан халықаралық арнаны жою бойынша сәтті арнайы операциясын жүргіздік. Аталған іс бойынша Усть-над-Лабем, Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында 6 фигуранттың тұрғылықты мекен жайы бойынша тінту іс-шаралары жүргізілді, олардың барлығы – Қазақстан азаматтары. Қылмыстық схеманың 3 тікелей ұйымдастырушысы ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде», – деді ведомство өкілі.

16
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023