ҚР ЦДИАӨМ өкілдері Цифрлық кодекс бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтты

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің инновацияларды дамыту департаментінің директоры Дархан Мырзабаев атап өткендей, ведомство сараптамалық қоғамдастықпен және ҚР Парламенті Мәжілісінің Парламентаризм институтымен бірлесіп, цифрландырудың басты қағидаттарын бекітетін тұтас салалық құжатты әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде.

«Цифрлық Кодексті әзірлеу заң жобалау жұмыстарының 2024 - жылға арналған жоспарының жобасына енгізілді. Бұл құжат келесі блоктардан тұрады: Жалпы ережелер (тұжырымдамалық аппарат, негізгі міндеттер мен принциптер, құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері, құқықтар мен міндеттер), негізгі бөлім (цифрлық үкімет, деректер, АИ, цифрлық инфрақұрылым және құралдар, киберқауіпсіздік). Осы құжат шеңберінде жасанды интеллект технологияларын қолдану, жасанды интеллект жүйелерінің қауіпсіз жұмыс істеуі жөніндегі нормалар, жасанды интеллект этикасы қағидаттары, жасанды интеллект технологияларын пайдалану саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету көзделетін болады», - деді спикер ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.(Дереккөз:ortcom)

11
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023