Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды.

Сондай-ақ Қазақстан Президентінің биыл ақпан айында Қатарға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен ШЫҰ-ның Астанада өтетін алдағы саммиті барысында кездесуге ниетті екенін атап өтті.(Дереккөз:ortcom)

8
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023