Мұғалімдерді аттестаттау жүйесін жаңартудың маңызды тетіктерінің бірі - процесті толық цифрландыру. Барлық біліктілік санаты бойынша аттестаттау ақпараттық жүйелермен интеграцияланған «Ұстаз» платформасы арқылы жүзеге асырылады. ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарованың ОКҚ брифингінде мәлімдеуінше, платформада педагогқа қатысты негізгі мәліметтер автоматты түрде қалыптастырылып, еңбек өтілі, біліктілігі, кәсіби жетістіктері, сертификаттары және портфолиоға қажетті өзге де деректер жүйеленеді.
«Бұл құжат айналымын қысқартып, аттестаттау рәсімдерінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ педагогтің күш-жігерін есептілікке емес, оқыту сапасына бағыттауға жағдай жасайды. Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тестілеуден өтіп, шекті балл жинаған және портфолиосын белгіленген талаптарға сай қалыптастырған педагогтерге өтініш берген біліктілік санатына сәйкес қосымша ақы 1 қыркүйектен бастап төленеді. Алғашқы тестілеуде шекті деңгейге жете алмаған, бірақ портфолиосы талаптарға сәйкес келетін педагогтерге шілде айында қайта тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі», - деді спикер.
Егер қайта тестілеу нәтижесінде де шекті балл жинай алмаса тиісті біліктілік санаты берілмейді және олар 1 қыркүйектен бастап енгізілетін аттестаттаудың жаңа моделіне қатыса алмайды. Ал, екінші рет тестілеуден өтуді қаламайтын педагогтер ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап пилоттық режимдегі аттестаттаудың жаңа моделі шеңберінде аттестаттауға қатыса алады.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023