18-19 қарашада Павлодар облысының аумағында 37 м/с екпінмен тіркелген дауылды жел нәтижесінен, облыстың 3 қаласы мен 6 ауданында - 83 әлеуметтік нысан, 63 көппәтерлі және 84 жеке тұрғын үй зардап шекті.
«Зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын осы жылдың 10 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланған», - деді Асайын Байханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, электрмен жабдықтау желілерінде 246 авариялық ажырату мен 100-ден астам зақымдану салдарынан 117 ауылдық елді-мекен жарықсыз қалды.
«Алғашқы тәулікте жарық 99 ауылға берілді, қалғандары бойынша жұмыс құлаған ағаштарды тазарту қажеттілігімен және т.б қиындады, 22 қарашада электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді», - деді спикер.
Дереккөз: ortcom
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023