Желі жұлдызы қараша айында алғаш рет әке атанған еді.
"Колобек" атымен танылған блогер 9 жыл күткен сәбиіне бесік той жасап, жақындарының басын қосты. Той Тараз қаласында өтті.
"Осы күнді 10 жыл күттім. Аллаға шүкір осы күнге жеттік! Баршаңызға мың алғыс! Құттықтауларыңызға рақмет! Осы тойды армандағанымда тойбастарды бөпелерді салатын арбамен шығарамын деп уәде берген едім. Шүкір, сол арманыма жеттім. Осы тойды көріп отырғандардың бәріне жұғысты болсын", – деп жазды блогер.
Тойға блогердің достарымен қатар сәбиінің дүниеге келуіне көмектескен елімізге белгілі репродуктолог дәрігерлер де қатысты.
Келген қонақтардың арасынан Умраға жолдама ұтыс та ойнатылды.

Фото: Блогердің жеке парақшасынан алынды.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023