Орфандық аурулары бар пациенттер үшін орталық құру жоспарлануда

Денсаулық сақтау министрлігінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішевпен және «University Medical Center» КҚ басқарма басшысы Юрий Пямен орфандық аурулары бар балаларға медициналық көмекті жетілдіру мәселелері бойынша кездесу өтті, деп хабаралйды ведомствоның баспасөз қызметі.

Кеңес шеңберінде сирек кездесетін аурулары бар балаларға медициналық көмек көрсетуді жақсартудың өзекті мәселелері талқыланды.

Министрлік соңғы 3 жылдың ішінде денсаулық сақтау саласындағы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен белсенді ынтымақтастықта болды және орфандық, онкологиялық, онкогематологиялық аурулары бар азаматтарды қымбат дәрілік заттармен қамтамасыз ету, онкологиялық қызметті, балалар нейрохирургиялық қызметін, трансплантаттауды, инфрақұрылымды және оңалту орталықтарын дамыту және т. б. бойынша 12 жоба мен бағдарламаны бірлесіп іске асыруда.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басшысына өмірлік маңызды жобаларды іске асыруға көмектескені үшін алғыс айтып, ынтымақтастықты одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын белгіледі. Ол Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығымен және «Ақсай» университеттік балалар клиникасымен бірлесіп, «University Medical Center»КҚ базасында орфандық аурулары бар балаларды емдеуге бірыңғай кешенді тәсілді қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстанда қымбат тұратын медициналық қызметтер мен науқастардың осы санаты үшін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін орфандық орталық құру туралы шешім қабылданды.(Дереккөз:ortcom)

9
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023