Олжас Бектенов медицина нысандарын салу бойынша тапсырмалардың орындалу қарқынын тексерді

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру мәселесі Үкіметте Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен отырыста қаралды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және сапасын жақсарту бойынша қойған міндеттерінің орындалуы туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Президенттің ауылдық аумақтарда медициналық ұйымдар салу жөніндегі тапсырмасын орындау мәселесі ертерек – осы жылдың ақпан айында қаралды. Өткен кезеңде үлкен жұмыс жүргізілді, деп атап өтті Олжас Бектенов — барлық жобалардың жобалық-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптама аяқталды, мердігерлер анықталды, жұмыстар басталды.

«Әкімдіктер барлық нысанның құрылыс жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізу үшін күнделікті бақылауды күшейтуі керек. Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Батыс Қазақстан, Жетісу және Алматы облыстары әкімдерінің назарын осыған аударғым келеді. Құрылыс маусымы, әсіресе солтүстік өңірлер үшін тез аяқталатынын ескеру қажет. Барлық объектілер белгіленген мерзімде пайдалануға берілуге тиіс. Бұл ретте құрылыс жұмыстарының нормативтік талаптарының сақталуын да қамтамасыз ету керек», — деді Олжас Бектенов.(Дереккөз:ortcom)

9
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023