"Қол-аяғы мен аузы скотчталған": Руслан Өтепбай Құндыз бен Назгүлге қатысты сұмдық істің бетін ашты

Тележурналист Руслан Өтепбай құлдықтан шыққан Құндыз бен Назгүлге қатысты ақпарат жариялады.

"Әлеуметтік желіде Құндыздың қолы мен аяғы, аузы скочталған фото таралып жатыр. Анығын білейін деп, қамқоршысы Зүльфияға хабарластым. Бірақ әңгімесі қисынға келмейді. Байлаған мен емес деп ақталып жатыр. Мен сенбеймін! Тараз қаласының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің мамандары, Тараз қаласының полиция департаменті мына мәселені назарға алыңыздар!", – деп жазды журанлист.

Одан кейін тікелей эфирде Зульфияға хабарласып, істің мән-жайын анықтады.

"Өзім де енді көріп тұрмын. Үйдегі бала күтуші Таня байлап тастапты. Құндыз Назгүлді ұрып, қатты ашуланғасын байлап тастадым деп айтып отыр. Шынымды айтсам, Руслан, мен қатты шаршадым. Екі қызды баққым келмейді. Үкіметке өткіземін. Сен де келіп, әуре болмай-ақ қой. Таня да дұрыс сөйлей алмайды. Маған ешкім керек емес", – деп ашуланды Зульфия.

Руслан Өтепбай дүйсенді күні Таразға жолға шығатынын айтты.

44
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023