ОКҚ алаңында әділет органдарын цифрландыру туралы айтылды

Әділет министрлігі жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді белсенді түрде енгізуде. Бүгінде АДіЛЕТ сайтында тәулік бойы (24/7) жұмыс істейтін онлайн-құқықтық кеңесші іске қосылған. Ол азаматтарға кең ауқымды құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес беріп, мемлекеттік органдардың заңнаманы түсіндіру бойынша жүктемесін азайтады. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков хабарлады.

Оның айтуынша, келесі кезеңде смарт-ассистентті енгізу көзделген. Ол НҚА әзірлеушілеріне сараптамалық қолдау көрсетеді.

«Оның функционалына халықаралық тәжірибе; құқықтық мониторинг; Конституциялық Соттың қаулыларына сәйкес конституцияға қайшы нормаларды іздеу және т.б. кіреді. Осылайша, смарт-ассистент тек көмекші құрал емес, нормашығармашылық процесінің толыққанды қатысушысына айналып, сапаны, үйлесімділікті және құқықтық тұрақтылықты арттыруға ықпал етеді», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

149
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023