Нұрболат Қанай – жастар арасында Qanay лақап атымен танымал.
Өнер иесі қайғылы хабарды жеке парақшасында жариялады. Әкесі небәрі 55 жасында о дүниелік болған.
“Бұл 33 жас қайғылы жасым болды-ау. Кенже балаңа асықтың ба? Қолымнан келгеннің бәрін істедім, кешірші, әке-ау”, – деп жазды әнші.
Сондай-ақ, анасы әкесінің дүниеден өткенінен хабарсыз екенін жеткізді.
“Анашыма айтпай ауылға ұшырып жіберіп едім.Құлсарыға жеткен соң хабар айтамыз деп шештік. Өзі әрең жүр еді”, – деп қайғысын бөлісті өнер иесі.

Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023