Нотариустардың атқарушылық жазбалары цифрландырылды

Бұрын бұл рәсім тек қағаз түрінде жүргізіліп, бірқатар проблемалар туғызған еді. Осы мәселелерге жауап ретінде барлық іс-әрекеттерді тіркеуді және тараптардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін цифрлық механизм енгізілді.

«Борышкердің жеке кабинеті құрылып, ол арқылы хабарлама алу және қарсылық жіберу мүмкіндігі берілді. Егер қарсылық негізді болса, нотариус атқарушылық жазбаны міндетті түрде жоюға тиіс, өйткені бұл жағдайда қарыз даусыз болып саналмайды. Нәтижесінде 19 800 атқарушылық жазба жойылды. Бұл азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру және теріс пайдалануды жою бағытындағы маңызды қадам болды. Осылайша, рәсімнің цифрландырылуы жүйені әділ, ашық және барлық қатысушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған», - деді ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

152
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023