Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Серік Ақсұңқарұлы Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында композитор, әнші Ұлықпан Жолдасов орындап жүрген «Табиғатым - махаббатым» әнінің авторы өзі екенін айтты.
"Бұл әннің авторы – мен. 20 жасымда Қарқаралыдағы Ләйлә деген қызға ғашық болып жазғам. Мұны бүкіл Қарқаралы біледі. Алматыда жүрген Ерлан Төлеутай да менің әнім екенін біледі. Журналист Мағауия Сембай "Орталық Қазақстан" газетіне де жазды, "Ақсұңқарұлының өлеңі, мұны кезінде біз таратқанбыз" деп. Бұл әнді Алматыға апарып, студенттер арасында таратқан. Біз авторлық құқық дегенді білмейміз о заманда. Біреу менікі дейді, тағы біреуі менікі дейді, сөйтіп иемденіп кеткен. Соны Ұлықпан, сосын тағы біреу айтып жүр дейді. Бұл менің өлеңім. "Бұлбұлдар сайраса, сайраса есіңе ал, Өмірдің сырласу кеші бар. Сүюді білмейтін адамның Осынау өмірде несі бар", - деген өлең кітабымда тұр. Әні де, сөзі де менікі. 1970 жылдары "Махаббат бұлбұл" деп жазғам. Мынау "Табиғатым" деп бұзып алыпты", – деді ақын.
Одан кейін композитор Ұлықпан Жолдасовтың жұбайы, арт-директоры Айғаным Сайлаубайқызы ақынға жауап берді.
Табиғатым-Махаббатым" әннің авторы, марқұм, Ғарифолла Сәбитов. Авторлық құқығы қорғалған. Ұлы Рүстемде авторлық құқығы бар. Жалған ақпаратқа сенбеңіздер! Ғаламторда да тұр. Әннің авторын іздесеңіз шығады. Жалпы жала жапқан үшін не істеуге болады?! Заңымыз не дейді?! Заңды құрметтейік!", – деп жазды әншінің арт-директоры.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023