Танымал әнші Айдана журналист Аман Тасығанның "TALKLIKE" жобасына берген сұхбатында өміріндегі әртүрлі кезеңдерге тоқталып, көптен бері көпшілікті қызықтырған сұраққа нақты жауап берді.
Өнер иесі әншілікке бет бұрып жатқанын жасырмады.
"Дінді зерттедім. Араб тілін үйреніп алдым. Жарты жыл дегенде Құранды толық оқи бастадым. Хиджабта мен өзімді жақсы сезінетінмін. Ешқашанда менде хиджаб шешемін деген ой болмаған. Ол стильге де бейімделемін. Қараша айында ешқашан хиджабты шешпеймін деп мәлімдеме жасадым. Ол кезде сондай шешім қабылдадым. Бірақ уақыт өте келе әнге жақын екенімді түсіндім. Ол тастай салатын нәрсе емес екен. Мүмкін басқа біреулерге өте жеңіл шығар. Маған да жеңіл болғанын қалаймын негізі. Бірақ менің болмысыма, табиғатыма, әр жасушама дейін өнер сіңіп кеткен. Туыстарымның көбісі хиджаб киюіме, өнерден кетуіме қарсы болды", – деді әнші.
Одан кейін өнер иесі ешкімге ештеңе дәлелдегісі келмейтінін жасырмады.
"Отбасым – қолдаушым. Жолдасым мен балаларым жанымда. Менің күшім – сабырлықта. Үндемедім. Ешкімге ештеңе дәлелдемедім. Өзімді бақытты санадым. Ешкімнің ойы маңызды болған жоқ. Қазір де шешкенімді қалай қабылдағандарын білмеймін. Бірақ мен үндемеймін. Алла жүректе не бар екенін біледі", – деді эстрада жұлдызы.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023