"Небәрі 23 жаста еді": Желі қолданушылары марқұм Нәби Аймұратовты туған күнінде еске алды

Бүгін әнші Нәби Аймұратовтың туған күні. Марқұм көзі тірі болғанда 40 жасқа толар еді.

Tik Tok желісінде марқұм өнер иесіне арналған естелік видеолар жарияланды.

"Ғұмыр-ғайып. Шіркін, бәрі орнымен, бәрі ретімен келсе – өкініштің өзені тасып, қайғының қара жаңбыры жаумас еді. Алаш баласының аз ғана алтындай ғұмыры, мерзімінен ерте сөнді. Өлім түгілі өлімге қимайтын, есіл бөлем Нәби Аймұратовқа: "Мерейлі 40 жасың құтты болсын" деп емес "тірі болғанда 40 жасқа толар еді" деп айтамыз деп кім ойлаған?! Бөлемнің ғұмырдариясы ағысқа айналды. Маңдайға жазылған мөр мен жазуды ешкім өзгерте алмайды.Өлшеулі өмір", – деп жазды Айсұлу есімді желі қолданушысы.

Тыңдарман қауым марқұм өнер иесінің шығармашылығын сағынышпен еске алды. "Нәбидей әнші тумайтын шығар?!", "Ол шырқаған "Гүлімсің", "Мүмкін емес", "Мектептегі махаббат" әндерін ұмытпаймыз", "Небәрі 23-ақ жыл өмір сүріпті", – деп жазды көпшілік.

Фото: Ашық дереккөзден алынды.

425
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023