"Не болып жатқанын білмейсіздер": Айдана Меденова хиджабын шешіп, сахнаға оралды

Айдана Меденова – қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, танымал хит әндердің орындаушысы.

Танымал әнші Айдана Меденова дінге бет бұрып, сахнадан кеткен еді. Үш жылдан кейін хиджабын шешіп, өнерге қайта бет бұрды.

"Камера сыртында не болып жатқанын білмейсіздер. Толық картинаны көре алмайсыздар. Күйеуім қатты қолдау жасайды. Ол кісімен бәрін бірге шешеміз. Бұл өзгерісті жаңалық ретінде қараған жоқпын», – деді әнші.

Одан кейін өнер иесі үш жыл бойы мүлдем ән тыңдамағанын жасырмады.

"Осы жылдары мен ешқандай әншілерді тыңдаған жоқпын. Жалпы музыкаға қатты жақын болған жоқпын. Демалыс болды. Бұл – менің жолым, бүгін осылай болып тұр. Сондықтан асығыс шешімдер шығарудан аулақ болайық дегім келеді», – деді эстрада жұлдызы "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында.

13
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023