НАЗАРБАЕВТІҢ АРҚАСЫНДА БАЙЫҒАН ЭЛИТАЛАР БОЛАТ НАЗАРБАЕВТЫҢ АСЫНА КЕЛДІ

18 қараша күні Астанадағы Республикалық Бас мешітте Болат Назарбаевты еске алу кеші өтті. Тілшіміз оқиға орнында болды.

Фото: ulysmedia

Көңіл білдіруге келгендердің бірі - экс депутат Айгуль Соловьева. “Мен көңіл айтуға келдім. Тұңғыш Президент өте жақсы сөз сөйледі”,-деп бөлісті.

Экс депутат сондай-ақ Тұңғыш Президенттің ас барысында айтқан сөзін баяндады: “Мен өз борышымды орындадым. Көңілім тыныш. Оны адамдар қалай бағалайтынын, бір ғана буынның емес, тарихи өлшемге тиесілі”.

Сондай-ақ асқа шақырылғандар тізіміне кірген Ө.Шөкеевпен тілдестік. Тілшілер қаңтардан кейін неліктен жұмыссыз қалған себебін сұрастырды. Мүмкін,мәселе жаңа билікке жақпай қалуда ма? “Өз шаруаларымен айналысып отырмын.Жұмыс істемейтін адамға шаруа көп қой. Барлығы да жақсы”-,деп экс әкім өз ойымен бөлісті.

Жолдасбек Мырзатай кезінде,билікте болғанда неліктен шындықты айтпадыңыз деген сұраққа: “Мен жазғандарымды оқысан, бәрінде шындықты айтқанмын”-, деп жауап қатты.

Жиналған қауым арасында Қайрат Пернешұлы болды. Білікті маман болғанына қармастан, қаңтар оқиғасынан кейін жұмыстан кетті. “Өзімнің жеке заң компаниясын аштым. Сонда жұмыс жасап жатырмын. Қолымыздан келгенше мемлекеттің дамуына үлесімді қостым деп санаймын”-, Қайрат Пернешұлы.

Көңіл айтуға Тимур Күлебаев (олигарх,бизнесмен) , Қайрат Қожамжаров(саяси элита), Айгүл Соловьева(экс мәжіліс депутаты), Өмірзақ Шөкеев (экс әкім,саяси элита), Мырзатай Жолдасбек(қоғам қайраткері), Гүлшара Әбдіқалықова(экс әкім) келді.

136
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023