«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы»: 10 мамырдағы жағдай бойынша 17 мыңнан астам өтінім берілді

«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінімдер 25 сәуірден бастап қабылдануда.Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова хабарлады.

«10 мамырдағы жағдай бойынша қазақстандықтар барлығы 17 432 өтінім жолдады. Оның ішінде 8 945 өтінім сәтті қабылданды, олардың жартысы – 3955 өтінім тұрғын үйге кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерінен түскен. Бұл көпбалалы отбасылар, жетім балалар, тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар. Гендерлік бөліністе қарайтын болсақ, өтінімдер арасында 57% әйелдер жолдаған. Барлық өтініш берушілердің 62% 35 жасқа дейінгі жастар. Ең жас үміткер – Түркістан облысының 18 жастағы тұрғыны», - деді спикер.(Дереккөз:ortcom)

14
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023