"Мәтіннің мағынасы жоқ": Жандарбек Бұлғақов Yenleak-тің әнін сынады

Айтыскер ақын Threads желісінде жазба жариялады.

Оның сөзінше, жас әнші, рэпер Yenleak-тің әнінің сөзі көңілінен шықпаған.

"Хит әннің мәтіні дейді. Алуан-алуан адам бар ей, қыз Салдыр алдыр алам ба, Бипл-ай! Бұйырмаса болмайтын нәрседе болмайд Ұрдым да, қол қойдым Енді, ұрдым да, қол қойдым (болмайд) Не болса да, сол Болса да, мен болмайм оол!", – деп жазды Жандарбек.

Көп ұзамай Yenleak айтыскер ақынға жауап берді.

“Алуан, алуан адам бар ей қыз, Алдар, алдар алданба!” Осылай жазылған негізі, тағы бір тыңдап аласыз ау! Басқа әндерімнің мәтінін оқып көріңіз, бұлай ішіңіз ашымас", – деп ренішін жасырмады.

Өз кезегінде айтыскер ақын әншінің сынға дайын болу керегін ескертті.

"Қарындасым бағың жанып, бақытың ашылсын. Орындаушылығың мен даусыңа басқа кәсіби мамандар пікір айтар. Бірақ дәл мына мәтіннің мағынасы жоқ. Мен оны сөз түсінетін қазақ ретінде айтып отырмын. Өнерге келген екенсің елдің асыра мақтауына да, жігеріңді жаныған сыни пікіріне де дайын бол. Ішіміз ашығаннан емес тілге жанымыз ашығаннан сөйлейміз", – деп жауап қатты.

26
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023