Олар ЖӨӨ-нің 40%-дан астамын құрайды. Облыс өнеркәсібі 90%-ға өңдеуші сектордың өндірісін қалыптастырады, бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі, оның ішінде көлемнің үштен екісі азық-түлік, сусындар мен темекі өнімдерін шығаруға тиесілі, деді өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
«Республикамызда өндірілетін шырындардың 85%-ы, сусындар мен балмұздақтың 60%-ы, шарап өнімдерінің жартысынан астамы біздің облыста шығарылады. Құрылыс материалдарын өндіру саласында еліміздегі гипсокартонның 81%-ы, сэндвич-панельдердің 48%-ы, болат құбырлар мен профильдердің 27%-ы Алматы облысында шығарылады», - деді спикер.
Сонымен қатар құны 100 млн долларды құрайтын жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын зауыт салынуда. Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқан фармацевтика саласында өндірілетін дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдардың төрттен бірі аймаққа тиесілі. Облыстағы 7 зауытта соңғы 5 жылда өндіріс көлемі 1,3 есеге артып, 33 млрд теңгені құрады. «Осындай жұмыстардың нәтижесінде 10 айда өнеркәсіп өндірісі 7,7%-ға өсті. Салада 34 жоба іске асырылып, 1087 жұмыс орны ашылды», - деді Алматы облысының әкімі.
Дереккөз: ortcom
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023