Жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу мерзімдері мен құнын оңтайландыру мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету объектілерінің оңтайлы параметрлеріне сәйкес жобалаудың бірыңғай тәсілі қарастырылған. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов хабарлады.
Бірыңғай жобалаушы 5 климаттық және сейсмикалық аймақта – Ақмола, Батыс Қазақстан, Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарында медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үш түрі бойынша жобалар әзірледі. Бұл медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер және дәрігерлік амбулаториялар.
«Жалпы алғанда, жобалардың жалпы құнының шамамен 70%-ы құрылыс-монтаждау жұмыстары, 20%-ы құрал-жабдықтар және 10%-ы басқа да шығындарды құрайды. Эталондық жобаларда бастапқы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету объектілерін жабдықтау үшін медициналық және медициналық емес өнімдерді таңдау кезінде басымдық ретінде отандық өндірушілердің өнімдері енгізілді және жалпы пайыздық арақатынасы 70%-дан асады», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
Барлық медициналық бұйымдар Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығында сараптамалық бағалаудан өтті.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023