Ақмола облысында Президенттің агроөнеркәсіп кешенінде өңдеу өнімінің үлесін 70% дейін арттыру жөніндегі тапсырмасы қалай орындалуда

Облыс әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, бүгінде бұл көрсеткіш өңірде 28%-ға ғана жетті. Қойылған міндетті орындау үшін бірқатар шаралар қолданылуда. Өңірде 73 өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді. Тамақ өнімдерін өндіру 8%-ға өсті.

«2026 жылға дейін 290 млрд теңгеге 71 инвестициялық жоба іске асырылады», - деді өңір басшысы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.(Дереккөз: ortcom)

Сонымен қатар, 130 кәсіпорын елорданың 44 ірі сауда орталығына экологиялық таза өнім жеткізеді. Бұл шамамен 38 мың тонна сүт өнімдері, 25 мың тонна ет өнімі, 210 млн жұмыртқа. Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасына 1,2 млрд теңге бөлінді. Бұл – 215 жаңа жұмыс орны және 198 бизнес-жобасы. Бұл жұмыс жалғасын табады.

3
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023