Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты азаматтардың ерік білдіруін тіркеу жалғасып келеді. Бүгінде шамамен 184 мың адам өз еркін eGov арқылы тіркеген.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Министр өз жазбасында қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім беру жөніндегі еркін тіркегенін мәлімдеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 4 867 азамат трансплантаттауды күтуде. Оның ішінде 4 311 адамға бүйрек трансплантациясы қажет. 212 адам жүрек, 314 адам бауыр және 30 адам өкпе трансплантациясын күтуде.
Денсаулық сақтау министрінің атап өтуінше, қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту денсаулық сақтау жүйесінің ғана міндеті болып саналмайды. Бұл бағыт қоғамның сенімін, ашық қоғамдық диалогты және әр азаматтың саналы түрде қабылдаған шешімін талап етеді.
Фото: Ақмарал Әлназрованың фейсбук парақшасынан
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023