«Мерейлі отбасы-2025» байқауына өтінім қабылдау аяқталды. Биыл Қазақстандағы өнегелі отбасы мәртебесін иелену үшін 3434 үміткер бақ сынамақ, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Ең көп өтінім Қарағанды, Қызылорда облыстары мен Жетісу өңірінен түскен. Сондай-ақ Астана мен Алматы қалалары да көшбасшылар қатарында. Ал Ұлытау, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары белсенділік таныта қоймаған.
Байқауға өтінімдер тек қатысушылар тарапынан ғана емес, 1711 отбасының кандидатурасын жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар мен еңбек ұжымдары да ұсынған.
Алда байқаудың аудандық, қалалық және облыстық кезеңдері өтеді. Өңірлік кезең жеңімпаздары дәстүрлі түрде Отбасы күні қарсаңында елордада өтетін «Мерейлі отбасы» марапаттау рәсіміне қатысады. Жеңімпаздарға 1 миллион теңге сыйақы табысталады.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023