Журналист Тараз қаласына барып, құлдықтан шыққан Құндыз бен Назгүлдің үйіне барды.
Журналист Тараз қаласының полиция департаменті қызметкерлерімен бірге қыздардың жағдайын көзбен көріп, тілдескен. Жарияланған бейнежазбада Құндыздың қатты қорқып, жылап отырғаны байқалады.
"Суреттің тарихын Құндыздың өзінен сұрап білдім. Жауабын тыңдап көріңіздерші.Егер Зүлфия Төленова Құндызды байламаса, Құндыз жала жаппайды ғой. Мен өз басым Құндызға сенемін. Аталған дерек бойынша Зүлфия Төленованың үстінен қылмыстық іс қозғалды", – деп жазды журналист.
Руслан Өтепбай көрген жағдайын ашық айтып, бұл деректерде қинау белгілері барын жеткізді. Оның айтуынша, Құндыздың қол-аяғы тұсауланып, скотчпен байланған. Журналист мұндай жағдайда адамның өміріне тікелей қауіп төнуі мүмкін екенін атап өтті.
Ал қыздардың қамқоршысы Зүлфия Төленова өз кезегінде Құндыздың мінезі қиын екенін айтып, соңғы уақытта өзіне де, психологиялық жағдайына да тыныштық болмағанын айтып, ақталды.
Фото: Жеке парақшадан алынды.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023