Мемлекет басшысы YTO Express басқарма төрағасы Юй Хуэйцзяоны қабылдады

Президентке «Қазпошта» АҚ және YTO Express компаниясының бірлескен кәсіпорны «Qazpost – YTO» ЖШС-нің қызметі жөнінде мәлімет берілді.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан мен Орталық Азия елдері аумағында заманауи әрі тиімді курьерлік желіні дамыту.

Биыл Алматы облысында сұрыптау хабының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Аталған нысан пошта жөнелтілімдерін жеткізу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

«Qazpost – YTO» ЖШС сұрыптау хабына жақын маңнан Индустриалды парк салуға ниетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев осындай бірлескен жобалардың стратегиялық маңызын атап өтіп, олар мемлекеттер мен халықаралық бизнес арасындағы тиімді ықпалдастықтың үлгісі болуға тиіс екеніне назар аударды.

151
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023