Кездесу барысында Қазақстанда толық өндірістік цикл жолға қойылған мақта-мата кластерін жүзеге асыру мәселесі талқыланды.
Президентке жобаның импортқа тәуелділікті айтарлықтай азайтып, ішкі нарықты бәсекеге қабілетті отандық өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні жөнінде баяндалды.
Чжан Цихай Қасым-Жомарт Тоқаевқа бүгінде бірнеше нысан, соның ішінде екі мақта өңдеу зауыты қолданысқа берілгенін айтты.
Жобаны жүзеге асыру арқылы мақта егістігін 52 гектарға дейін ұлғайтуға болады. Егін шаруашылығына цифрлық технологиялар мен тамшылатып суару секілді инновация пайдаланылады.
Мақта-мата кластерінің алғашқы кезеңінде 360 миллион долларға жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылып, 4 мыңнан аса жұмыс орны ашылмақ.
Мемлекет басшысы кластер еліміздің оңтүстік өңірінде агроөнеркәсіп кешенін және жеңіл өнеркәсіпті дамыту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.
Президенттің пікірінше, жергілікті тұрғындар арасынан білікті маман даярлау ісіне мән беру керек.
Қасым-Жомарт Тоқаев су үнемдеу технологияларын кеңінен пайдаланудың өзектілігіне назар аударды, сондай-ақ мақта өндірісінің шығынын ескере отырып, аталған салаға «ақылды» цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізуді құптады.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023