Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Tiryaki Holding компаниясының атқарушы директоры Сүлеймен Тирьякиоғлы агроөнеркәсіп кешені бағытындағы өзара тиімді және ұзақмерзімді серіктестік мәселесін талқылады.
Мемлекет басшысы компанияның Астана қаласынан бидай мен бұршақты терең өңдеу зауытын салу туралы шешіміне қолдау білдірді.
Сүлеймен Тирьякиоғлы аталған жоба еліміздің қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал ететінін айтты.
Кездесуде Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау үшін логистиканы тиімді ұйымдастыру, қойма инфрақұрылымын цифрландыру және элеваторларды жаңғырту мәселелері қаралды.
Tiryaki Holding дәнді, майлы дақылдар, жем-шөп өндіру және экспорттау бойынша әлемдегі көшбасшы компаниялардың бірі.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023