Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық мейрамына орай құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудты және барша сауд халқын Ұлттық күнімен құттықтады.

Президент жеделхатта Сауд Арабиясын саяси тұрғыдан іргесі берік, экономикасын нығайтуда көптеген жетістікке қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтті. Сондай-ақ Таяу Шығыс өңіріндегі Қазақстанның сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі екеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен бауырластыққа негізделген ынтымақтастық одан әрі нығайып, халықтардың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

6
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023