Мемлекет басшысы Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиді Үндістан Республикасының Премьер-министрі болып қайта сайлануымен құттықтады.

"Сіздің дана басшылығыңызбен Үндістан экономикасы ең жылдам дамып келе жатқан елдердің бірі ретінде өзінің таңқаларлық жолын жалғастырып, жаңа жетістіктерге жететініне сенімдімін. Қазақстан Үндістанмен арадағы ұзақ жылғы стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Екі ел ынтымақтастығы халықтарымыздың берік достығына, ортақ құндылықтарға және тығыз қарым-қатынасқа негізделген", – деп жазылған жеделхатта.(Дереккөз:ortcom)

6
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023