Мемлекет басшысы Үндістан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Драупади Мурмуды Үндістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент Үндістанның елеулі экономикалық жетістіктерін, әлемдегі бейбітшілікті нығайту және орнықты даму ісіндегі рөлін атап өтті. Сонымен қатар екі ел арасындағы шынайы достық пен өзара қолдауға негізделген ұзақмерзімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Драупади Мурмудың барлық бастамаларына табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.

9
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023