Қасым-Жомарт Тоқаев Князь II Альберді және Монако халқын Ұлттық күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы жеделхатта Монако княздігі халықаралық аренадағы беделін сенімді түрде нығайтып, бірегей мәдени мұрасын сақтау әрі байыту, сондай-ақ орнықты даму, қаржыны жауапты басқару және қоршаған ортаны қорғау моделі арқылы бүкіл әлемге үлгі болып келе жатқанын атап өткен.
Қазақстан Президенті достық байланыстар мен өзара түсіністікке негізделген екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі үшін алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Князь II Альбер мен оның отандастарына бақ-береке тіледі.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023