Мемлекет басшысы Индонезияның жаңадан сайланған Президентіне құттықтау жеделхатын жіберді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Прабово Субианто Джойохадикусумоны Президент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады.

"Сіздің дана басшылығыңызбен ғажап еліңіз өзінің экономикалық және әлеуметтік даму жолында жаңа белестерді бағындырып, халықаралық аренадағы рөлін нығайта түсетініне сенімдімін. Қазақстан мен Индонезия арасында өзара сенім мен ортақ мүддеге негізделген жақсы қарым-қатынас орнаған. Елдеріміздің мүддесіне сай көпжақты ықпалдастықты дамыту үшін бар мүмкіндікті бірлесе пайдалануға дайын екенімді растаймын", – деп жазылған жеделхатта.

9
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023