Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасы Пере Жоан Понспен кездесті

Кездесу барысында Қазақстан Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен, сондай-ақ оның Парламенттік ассамблеясымен серіктестікті нығайтуға мүдделі екені атап өтілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың экологиялық күн тәртібі мен тұрақты даму бағытындағы күш-жігеріне дәйекті түрде қолдау көрсеткені үшін ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясына жоғары баға берді.

Сонымен қатар Президент мемлекеттер арасындағы диалог, сенім мен түсіністікті күшейтуге септігін тигізетін құрал ретінде парламенттік дипломатияға айрықша мән беретінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Пере Жоан Понске елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформа жөнінде баяндады.

Оның айтуынша, жаңа Конституция мемлекет институттарының орнықтылығын қамтамасыз етуге, басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған.

Пере Жоан Понс Өңірлік экологиялық саммитте қозғалған мәселелердің өзектілігіне тоқталды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясымен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растап, нәтижелі ықпалдастық жалғасын табатынына сенім білдірді.

5
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023