Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассоны қабылдады

Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында өткен кездесуде Қазақстан мен қаржы институтының таяу жылдардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

Президент еліміздің экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін ЕҚДБ басшылығына ризашылық білдірді.

– Бізді стратегиялық қарым-қатынас байланыстырады. Қазақстан – Банктің негізгі серіктесі саналатын мемлекеттің бірі. Мұндай ынтымақтастық біздің ұзақмерзімді саясатымызға сай. Өзара ықпалдастығымыз көптеген жылдан бері табысты ілгерілеп келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы отыз жылда Банк Қазақстандағы 354 жобаға 11 миллиард еуродан аса инвестиция құйған. Соның нәтижесінде еліміз ЕҚДБ-ның аймақтағы ірі серіктестерінің біріне айналды.

Бүгінде даму институты Қазақстанда жалпы құны 3,1 миллиард еуродан асатын 131 жобаны қаржыландырып отыр.

Мемлекет басшысы Қазақстан Үкіметі мен ЕҚДБ арасында Серіктестік туралы негіздемелік келісімге қол қойылғанын құптады. Оның аясында еліміздің орнықты дамуына үлес қосу көзделген.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті және технологиялық тұрғыдан озық экономика құру мақсатында өршіл реформаларды қолға алды.

16
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023