12-13 қыркүйек күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модидің шақыруымен БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Үндістанға жұмыс сапарымен барады.
Президент Нью-Делиде «Орнықтылықты, инновацияны, ынтымақтастық пен тұрақтылықты нығайту» тақырыбына арналған «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді.
Сапар аясында Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөз жүргізу, сондай-ақ бірқатар мемлекет және үкімет басшыларымен кездесу жоспарланған.
Сонымен қатар 14-16 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады.
15 қыркүйекте Сеулде жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады. Бұдан бөлек, Президент Кореяның ірі компаниялары жетекшілерімен кездеседі.
16 қыркүйекте Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Корея Республикасы» бірінші саммитіне қатысады.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023