Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылап, қарым-қатынастардың стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дамып келе жатқанын атап өтті.

Мемлекеттер басшылары екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық салаларда бұған дейін қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру бағытындағы үйлесімді іс-қимылдарын жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін пысықтады.(Дереккөз:ortcom)

7
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023