ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашевтың айтуынша, 2024-2025 жаңа оқу жылынан бастап мектептерде жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары енгізіле бастады.
Бұл бастама Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп әзірленген арнайы тұжырымдама негізінде жүзеге асырылуда. ЖИ оқу процесінің барлық деңгейінде қосымша білім беру құралы ретінде пайдаланылады.
«200 мыңға жуық педагог дайындалды. Олар бүгінде дәріс беріп жүр. Жасанды интеллект оқудың сапасына, оның жан-жақты игерілуіне көмектесетін құрал. Педагогтің негізгі рөлі қалады. ЖИ ешқашан педагогті алмастыра алмайды», – деді Қаныбек Жұмашев.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023