Мәдениет және ақпарат министрлігі пресс-карта енгізудің мақсатын түсіндірді

Ведомство басшысы Аида Балаеваның айтуынша, заң жобасын әзірлеушілердің пресс-картаны енгізудегі басты мақсаты – процесті автоматтандыру.

«Цифрлық технологиялар заманы. Келесі жылы Министрлік БАҚ-қа, медиаға қатысты барлық мәселелер бір жерде жиналатын медиа-платформаны іске қосуды қарастырып отыр. Бұл газет-журналдардың көшірмелерін есепке алу, қайта тіркеу, жинау, пресс-карта. Белгілі бір редакция аккредиттеуден өтпек болғанда, олар қолданылатын техника туралы мәліметтер мен деректерді жібереді. Мұны қағаз жүзінде тексермеу үшін біз бұл процесті ыңғайлы етпек болдық», - деп түсіндірді мәдениет және ақпарат министрі.

Оның айтуынша, пресс-картаны енгізу мәселесі екінші оқылымға дейін тағы да талқыланады.

Дереккөз: ortcom

7
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023