Халық әртісі туған күні қарсаңында жеке парақшасыда жазба жариялады.
Тыңдарман қауымға алғыс айтты.
"Бүгін менің туған күнім! Өмірдің әсемдігі үшін және жолықтырған жандарым үшін алғыс айтамын. Әрқайсыңыз мен үшін маңыздысыздар. Әсіресе жылы сөздеріңіз бен қолдауларыңыз үшін сіздерге көп рақмет. Мен бұл парақшада жиі көріне бермеймін, бірақ әр шыққан сайын махаббаттарыңызды сеземін. Көп рақмет!", – деп жазды халық әртісі.
Желі қолданушылары әншіні туған күнімен құттықтап, жылы лебіздерін жазып, жатыр.
"Туған күніңіз құтты болсын, Дива! Ұзақ, бақытты ғұмыр кешіңіз!", "Туған күніңіз құтты болсын Нағима Қабдолқызы! Сізге мықты денсаулық және бақыт тілеймін!", Туған күніңіз құтты болсын Примадонна! "Туған күніңізбен, Нағима ханым! Аман болыңыз! Келін түсіріңіз отаныңызға! Абылай балаңыздың рахатын көріңіз! Немере-шөбере сүйіңіз! 100 жасаңыз!", – деп жазды көпшілік.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023