Ұлытау облысы аумағында су тасқыны кезеңі тұрақталды

Негізгі Кеңгір, Сарысу, Жезді өзендеріндегі 25 гидротехникалық құрылғылары бақылауда тұр. Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов хабарлады.

«Төрт азамат отбасымен бірге аудан көлеміндегі басқа үйлерге көшірілді, 100 АЕК мөлшерінде 29 отбасына әлеуметтік көмек берілді, сондай-ақ Қостанай облысына гуманитарлық көмек жөнелтілмек. Алдағы уақытта қосымша керек-жарақтар жіберіледі. Мал шығынын есептеу бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді спикер.(Дереккөз:ortcom)

7
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023