Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов мәлімдеді. Оның айтуынша, тауарлардың 11 млн-нан астамы жалпы тауарлар, жұмыстар мен қызметтер классификаторы бойынша жіктелген.
«Күніне шамамен 100 мың жаңа тауар қосылады. Жүйеде барлығы 41 мыңнан астам сауда субъектісі тіркелген. Біз жалпы бақылау мен бизнеске арналған ыңғайлылық арасындағы теңгерімді сақтауға тырысамыз және жүйені бизнеске кедергі келтірмейтіндей етіп цифрландырып жатырмыз», – деді спикер.
Ол үшін жаңашылдықтарды енгізу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде: тауардың цифрлық паспорты компаниялардың жұмысын тоқтатпай, операцияларға біртіндеп қосылады. XTIN механизмі қарастырылған, егер тұрақты NTIN әлі берілмесе, уақытша XTIN беріледі, талаптар қысқартылды: тіркеу процесі жеңілдетілді.
«Қаржы министрлігі және «Атамекен» ҰКП-мен Меморандумға қол қойылды. Онда импорттаушылар мен отандық өндірушілер үшін мерзімді осы жылдың 1 наурызына дейін, ал сауда желілері үшін 1 сәуірге дейін белгіледік. Тағы бір мерзім – 1 шілде, бұл шағын бизнеске арналған. Енгізілетін цифрлық шешімдер барлығына 1 шілдеге дейін дайындалуға мүмкіндік береді деп есептейміз. Осы жылы жүйені өнеркәсіптік пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», – деп толықтырды Әсет Нүсіпов.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023