Лотерея қызметінің аударымдары: әлеуметтік сала мен спортты дамытуға шамамен 18 млрд теңге бағытталды

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев осындай мәліметтерді келтіріп өтті. Сонымен қатар, спортты, әлеуметтік жобаларды дамытуға міндетті аударымдар жасау критерийі лотерея операторы үшін міндетті болып табылады.

«Бұған дейін әлеуметтік сала мен спортты дамытуға аударымдар жасау болған емес. Бүгінгі таңда 18 млрд теңге түрлі жобаларға, Ұлттық Олимпиада комитетіне және «Спорт қоры» мен «Қазақстан халқына» қорларына аударылды. Яғни, жаңа заңды әзірлеген кезде нарық тоқырауға ұшырап, нақты мемлекет бақылауында болмады. Мемлекет лотерея өнімдерін бақылаусыз таратудың жолын кесу, бюджетке түсімді ұлғайту, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру, барлық тетіктерді біртұтас, түсінікті және басқарылатын құрылымға шоғырландыру мақсатында құқықтық базаны оңтайландыру және лотерея нарығын қайта форматтау туралы шешім қабылдады», - деп атап өтті спикер. (Дереккөз:ortcom)

Заң қабылданғаннан кйеін байқау қорытындысы бойынша 15 жылға Қазақстанда лотерея ұйымдастыруға айрықша құқық алған «Сәтті Жұлдыз» АҚ жеңіске жетті. «Кәсіпкерлік кодекстің 193-бабына сәйкес және Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бүгінгі күні лотерея операторының осы мерзімі мен жұмыс шарттары МЖӘ форматына көшу бөлігінде қайта қаралып жатыр», - деп нақтылады спикер.

Туризм және спорт вице-министрінің мәліметінше, 2017 жылдан бастап оператор бюджетке 12 млрд теңге салық және 131 млн теңге талап етілмеген ұтыстар түрінде төлеген.

8
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023