ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру туралы баяндады.
Оның айтуынша, 49 мемлекеттік қызметтің 45-і толығымен электрондық форматқа ауыстырылды, олардың ішінде 28-і проактивті түрде ұсынылады.
«2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 4,2 млн қызмет көрсетілді, оның 2,8 млн – электронды, оның ішінде 1,2 млн проактивті, 1,4 млн – қағаз түрінде», - деді спикер.
Сонымен қатар жыл басынан бері 2 жаңа қызмет автоматтандырылды: кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз азаматтарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу және осындай азаматтардың мүлкіне және төлемдеріне билік етуге рұқсат беру.
«Ақпаннан тамызға дейін осындай 1,4 мыңға жуық қызмет көрсетілді. Сонымен қатар, eGov mobile қосымшасында «Қамқоршылықты белгілеу туралы мәліметтер» цифрлық құжаты пайда болды. Бүгінгі таңда мобильдік қосымшада әлеуметтік саланың 35 қызметі мен 8 цифрлық құжаттары бар», - деді Олжас Анафин.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023