Әлеуметтік инфрақұрылым бала санына сәйкес келмейтіні рас – Астана әкімі

Бүгін Елордада әкімнің кәсіпкерлермен кездесуінде Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков қалада құрылыс қарқынды жүріп жатқанына байланысты әлеуметтік инфрақұрылымға жүктеме айтарлықтай артқанын айтты. Осы орайда депутат қаладағы демографиялық өсім аясында білім беру нысандарындағы орын тапшылығы қалай шешілетінін сұрады.

Дереккөз: kazinform

Өз кезегінде Астана басшысы қала тұрғындары жыл сайын кем дегенде 60 мың адамға артып отырғанын атап өтті.

«Оның жартысы бала туу есебінен болса, қалғаны еліміздің басқа өңірлерінен қоныс аударуынан толығып отыр. Сондықтан қалада әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жағынан мәселелер бар. Мәселен, жазда суға қатысты проблема болды. Кейінгі жылдары қыс кезінде жылу беру маусымында электр энергиясы бойынша тиісті шектеу байқалды. Әлеуметтік инфрақұрылым қаладағы балалардың санына сәйкес келмейтіні де рас», – деді Ж. Қасымбек.

Шаһар әкімінің айтуынша, биыл елордада дүниеге келген нәрестелердің саны 35 мыңға жетуі ықтимал.

«Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 26 мың бүлдіршін барды. Бізде 25 мың оқушы орны жетіспейді. Қалада үш ауысымдағы 8 мектеп бар екенін де ескеру керек. Қазір «Жайлы мектеп» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Келесі оқу жылы қарсаңында 24 мектеп пайдалануға беріледі. Ал биыл 10 мектепті тапсыру ескерілген. Тағы 8 мектепті өзіміз саламыз, сондай-ақ 17 жекеменшік мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы, екі жылда 50-ге жуық жаңа мектеп пайда болады. Осы орайда орын тапшылығын жоямыз», – деді әкім.

Дереккөз: kazinform

9
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023